Су — тіршілік көзі. Адамзат пен табиғат тіршілігіне нәр беретін суды реттейтін өз мамандары бар. 9 шілде аталған сала қызметкерлерінің күні. Кәсіби мерекеге орай, Талдықорғандағы Достық үйінде салтанатты жиын өтті. Онда саланың дамуына айтулы үлес қосып жүрген бірқатар азамат марапатталды.