Қаңтар оқиғасы кезінде бірқатар өңірде ҰҚК мен Полиция департаменттерінің басшылары қарамағындағыларға жұмыс орнын тастап кету жөнінде бұйрық берген. Бұл туралы Бас прокуратураның «Қаңтар оқиғасы: Дерек пен дәйек» деректі фильмінде айтылды. Бас прокуратура ұсынған фильмде Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың жұмыс орнын тастап кетіп бара жатқан видеосы жарияланған.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.