АЭС — күрделі жоба. Энергетикалық маңызды нысан. Елдің алаңдауы орынды. Өңірлерде тұрғындардың қатысуымен түрлі ой алмасулар өтіп жатыр. Ақсу ауданында да елімізде атом электр станцияларын салу мәселесі туралы қоғамдық талқылау ұйымдастырылды. Жиынға ауданның зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар алқасы мен аналар кеңесінің мүшелері қатысты.