Бүгін біз тарихи оқиға қарсаңында тұрмыз. Біз, қазақстандықтар, елімізде тұрақты, экологиялық таза және үнемді электр қуатының болуы үшін маңызды шешім қабылдауымыз керек. Үкімет отырысында осылай деген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС салу бойынша «Республикалық референдум өткізу туралы» ұсыныс жасады. Отырыста қарсы қалыс қалған ешкім жоқ. Барлығы бірауыздан қолдады. Жиында Премьер-Министр Олжас Бектенов сарапшы ғалымдар мен Энергетика министрінің баяндамалары тыңдалып, атом энергетикасының перспективалары қаралды.