Биыл облыстағы жемістің тең жартысы үсікке ұрынды. Өнім кеміді. Алайда климаты өзгеше Еңбекшіқазақ фермерлерінің еңсесі түсіп отырған жоқ. Қырбалтабай ауылындағы «Есік жеміс сүрлеу» зауытында жұмыс жылдағыдай қарқынды. Олар биыл 2 мың тонна алма шырыны мен 3 мың тонна томат пастасын өндіреміз деп жоспарлап отыр.