Алматы облысында 700-ден аса студентке арналған жатақханалар құрылысы жүріп жатыр. Бұл жұмысқа облыс бюджетінен 2023 жылы 1 миллиард, ал биыл 6 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қазір құрылыс қай кезеңде? Нысандар жаңа оқу жылы басталғанша қолданысқа беріле ме? Бұл сауал — жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында талқыланды.