«Бір ауыл – бір өнім». Алматы облысында осындай атаумен жәрмеңке өтті. Атаулы жоба өңірлік кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті өнімдердің сапасын арттыру, жаңа брендтер құру мен ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытталған. Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйытқы болған шарада кәсіпкерлер өз тауарларын ұсынды. Қонаевта 2023 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан шара биыл да өз жалғасын тапты.