Алматы облысында кеше 8 ауылдық округі әкімі сайланды. Ал, орталығы Қонаев қаласына қарасты Заречный ауылдық округінің жаңа әкімі сайланды. Бұл лауазымға жергілікті халықтың 76,10% дауысын жинаған Гүлбану Несіпбаева тағайындалды. ВИДЕО: 1990 жылы туылған азаматша бұған дейін округ әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Айта кетейік, сайлауға 3 адамның кандидатурасы ұсынылды. Ал сайлаушылар тізіміне тіркелген 3700-ге жуық тұрғынның 1239-ы өз таңдауын жасады. Оның 40-қа жуығы денсаулық жағдайына байланысты үйден дауыс беріпті. Айта кету керек, округте жалпы саны 4 сайлау учаскесі жұмыс істеді.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.