Алматы облысында күзгі жиын-терін науқаны қызу жүріп жатыр. Көктемде 420 мың гектар алқапқа дәнді-дақылдар егілді. Шаруалар негізінен жүгері, күріш, арпа-бидай, күнбағыс, бақша және мал азықтық дақылдарды өсірумен айналысады. Олар тамшылатып және жаңбырлатып суғару сияқты су үнемдеу технологияларына айрықша басымдық бере бастады.