Келер жылы Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін техно-экопарк ашылады. Бүгін зауыттың іргетасы қаланды. Кәсіпорын іске қосылса әйнек, пластиктер, металдар, электр құрылғылары және тағы басқа қалдықтар қайта өңделеді. Кәдеге жарамайтындары өртеліп электр энергиясы өндіріледі.