Алматы облысында ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын отандық төл технология тақырыбында саммит өтті. Шара «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы негізінде ұйымдастырылды. Мектеп пәндері бойынша командалық олимпиада білім беру мазмұнын дамыту институтының мұрындық болуымен өтті. Бұл білім додасында Қазақстаннан ғана емес, Моңғолия, Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген оқушылар да бақ сынайды.