Алматы облысында жасөспірімдер арасында қылмыс азаймай тұр. Былтырғы салыстырғанда көрсеткіш 68 пайызға өскен. Ең сұмдығы жасалған қылмыстардың басым бөлігі жыныстық зорлық – зомбылыққа қатысты екен.
Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Жиында жасөспірімдерге қатысты өзгеде мәселелер сөз болды. Шешу жолдары қарастырылды.