Алматы облысындағы су айдындарында жыл басынан бері 12 адам өлімі болды. 28 адам құтқарылды. Бұл туралы мамандар жедел рейд барысында мәлімдеді. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жазатайым оқиғаларды азайту және болдырмау мақсатында демалушыларға қауіпсіздік ережесін түсіндірді.