Есік көлі аумағына бірде-бір бизнес нысаны салынбайды. Айнакөл өз табиғи қалпын сақтап, тау туризмінің тамаша ортасына айналуы тиіс. Ал өңірде ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласына барынша көңіл бөлінеді. Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарымен есептік кездесуінде осылай деді.