Алматы – Қорғас ақылы жолы сапасыз салынған сыңайлы. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қарап осылай айтуға себеп бар. Кеше кешқұрым атаулған жолдың 190 шақырымында бетон қабаты жылжып, опырылудың аз-ақ қалдында тұрғаны жарияланды. Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚазАвтожол өкілдері ақылы жол аумағындағы қалпына келтіру жұмыстарын көріп, тексеріс жүргізіп келді.