Алматы қаласы, Ақмола және Алматы облыстары туризм саласын дамытуға бірлесіп күш салады. Үш тарап өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша өзара мемарандумға қол қойды. Ал Ақмола облысынан келген арнайы делегация өкілдері Талғардағы «Ой Қарағай» демалыс кешеніне ат басын бұрып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.