Алматыда микробтарға қарсы препаратқа тұрақтылықпен күресу бойынша ұлттық семинар өтті. Шараны денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырып отыр. Шараға елдегі сала мамандары мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері қатысты. Семинардағы басты тақырыптың бірі антибиотиктердің дұрыс қолданылуына қатысты болды.