Жас келсе, іске. Қаршадай ғана бала мемлекет қолдауы нәтижесінде атқа арналған әбзелдер жасап өз кәсібін дөңгелетіп отыр. 16 жастағы Беріктің өз ісін бастап, ілгерілету үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы сеп болыпты. Игілігі көп бағдарлама нәтижесінде Қарасай ауданының оқушысы 1 млн теңге қайтарымсыз грант ұтып алған. Бүгінде шағын шеберханасында жылқыға арналған ер-тұрмандар әзірлеп, өзге аймақтарды да қамтып отыр.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.