5 дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттық шаралардан бөлек арнайы этно ауыл алаңы ұйымдастырылған. Аумағында әр облыс пен республикалық маңызы бар шаһарлардың киіз үйлері тігіліп қалың көпшілікке есігін айқара ашып отыр. Мұнда келген шетелдік меймандар мен елорда қонақтары әр өңірдің өзіне тән ерекшелігімен әрі тарихи жәдігерлермен таныса алады.