Жаңа салық кодексі қызу талқыға түсті. Жаңашылдықты біреу қолайлы десе, біреуі қарсы шығып жатыр. Астанада «Nextgen Finance Forum 2024» шарасы ұйымдастырылды. Барысында кәсіп иелері салықтағы жаңашылдық туралы сала мамандарынан тікелей сұрақ қойып, жауап алуға мүмкіндік алды. Ауқымды форумға онлайн және офлайн форматта 3 мыңға тарта адам қатысты.