Панфилов ауданындағы балабақшада балаларды жазалаған тәрбиешілердің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Головацкий ауылындағы жекеменшік бөбекжайда болған. Шынашақтай балаға қол көтеріп, жұлқып, ұрған тәрбиешілердің үстінен ата-аналар құқық қорғау органдарына шағымданған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.