Балқаш ауданында көпбалалы, жалғызбасты аналар мен мүгедектігі бар әйелдер апатты баспанада тұруға мәжбүр. Тозығы жеткен үй тұрғындары әкімдікке бірнеше рет шағымданып барған. Десе де проблеманы еститін құлақ, көретін көз жоқ көрінеді.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.