Балабақшадағы былық. Қонаев қаласындағы «БЕБИ СИТИ» жекеменшік балабақшасының қызметкерлері 2 айдан бері жалақысын ала алмай жүр. Онымен қоса, мекеме басшылығы қол астындағы жұмысшыларға қысым көрсетіп, жалған ақпарат беруге мәжбүрлеген. Мамандардың сөзінше, балабақшадағы балалардың тізімінде қайтыс болған бүлдіршіндердің де есімі әлі күнге дейін белгіленіп, сол үшін мемлекеттен ақша алып отырған.