Кербұлақ ауданы облыстың жалпы егістігінің 33 пайызын өсіріп отыр. Биыл мұндағы егіс алқабы 114 мыңға гектарға жуық. Аудандағы әлеуметтік мәселелерде шешімін тауып келеді. Сарыөзектегі 60 пәтерлі тұрғын үй жуырда пайдалануға берілмек. Бұл туралы Кербұлақ ауданының тұрғындарымен кездесуінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты. Сонымен қатар өңірдегі бірқатар нысандарды аралап көрді.