Тасымал мәселесін тез арада шешіп бермесе балаларымызды мектепке жібермейміз! Оқудың алғашқы күні-ақ аудандық білім бөлімі өз сөзінде тұрмады. Бізге береміз деген 26 автобус қайда? Іле ауданы Боралдай ауылындағы № 40 мектептің ата-аналары осылай деп ұлардай шулады.