Әдепсіз сөз жауапсыз қалмайды. 2022 жылы Жетісу облысында балағаттау ісі бойынша 265 жағдай тіркелген. Енді Ішкі істер министрлігі қоғамдық орында балағат сөйлегендерге бұрынғыдан төрт есе көп айыппұл салады. Бұл заң жобасы 6 наурыздан бастап күшіне енеді. Құжатта қоғамды сыйламай, балағаттап сөйлеген азаматтар 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 69 мың теңге айыппұл төлейді. Немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделген.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.