Қазір сот жүйесінде қазақ тілін жаңғырту мәселесі өзекті. Істі толығымен мемлекеттік тілде жүргізуге сала мамандары да төселіп келеді. Мәселен, биыл Алматы облысында болған 33 мыңнан аса сот отырысының 45 пайызы тек қазақ тілінде өткен. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында Қонаевта құқық қорғау орган басшыларының қатысуымен арнайы жиын өтті.