Биыл көптен күткен Алматы — Өскемен тас жолы толықтай қолданысқа беріледі. Аталған күре жолдың 313 шақырымы Жетісу облысының аумағынан өтеді. ҚазАвтоЖол өкілдерінің айтуынша жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. Тіпті жол бойындағы санитариялық заманауи нысандар да ел игіліне беріледі. Өңірге іссапармен келген сенат және мәжіліс депутаттары атқарылып жатқан жұмыстармен танысып қайтты.