Биыл елімізде 12 мың шақырым жол жөнделеді. Оның 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы жергілікті желіге тиесілі. Атап айтсақ, «Қарағанды – Алматы», «Талдықорған – Өскемен», «Атырау-Астрахань» және «Ақтөбе – Қандыағаш» бағыттарының негізгі бөліктері жаңғыртылмақ.