Биыл Жамбыл мен Балқаш аудандарының әкімін халық өзі сайлайды. Қос өңір үшін маңызды таңдау қараша айында өтеді. Бұл туралы сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясында айтылды. Мұнымен қоса, халық қалаулылары 5 өңірді қосымша қоғамдық көліктермен қамтуды мақұлдады.
Бұған дейін ауыл әкімдерін халық тікелей сайлайтын. Енді биылдан бастап пилоттық жоба ретінде тұрғындар аудан әкімін де өздері таңдай алады. Әзірге Алматы облысында 2 ауданның әкімін сайлау жоспарланып отыр. «AMANAT» фракциясының жетекшісі Қуат Байғоджаевтың ұсынысымен Жамбыл және Балқаш аудандарының әкімін сайлау 5 қарашаға белгіленді. Бекітілген тәртіпке сәйкес аудан әкімі болуға ниетті үміткерлерді облыс басшысы және саяси партиялар ұсынады
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.