Биыл Жетісу облысында 60-қа жуық медициналық нысан салынады. 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік және 5 медпункт ел игілігіне беріледі. Ауқымды жұмыстар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында іске асады. Сондай-ақ өңірдің шалғай елді мекендеріндегі 10 дәрігерлік мекеме қайта қалыпқа келмек.