Биыл Жетісу облысында 94 медициналық нысан іске қосылады. Соның 59-ы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынады. Ауыл-ауылда бой көтеретін нысандардың 27-і блокты-модулді. Мекемелердің басты қызметі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету. Жоба шеңберінде Қаратал ауданынының 6 нысан салынып жатыр. Қазір құрылыс қызу жүріп жатыр.