Биыл жетісулықтар көмірден таршылық көрмейді. Салаға жауаптылар қазір аймақтағы теміржол тұйықтарында 26 мың тонна көмір бар екенін айтады. Тәулігіне Талдықорғанға 10 вагон яғни 690 тонна қатты отын келіп жатыр. Жалпы Жетісу облысына көбіне Шұбаркөл мен Қаражыра тасымалданады. Сапасы жақсы дейді тұтынушылар. Ал, ТҮКШ мамандары жеке сектор тұрғындарын қар түспей, көмір түсіріп алуға шақырады.