Қыс қыр астында. Ел аумағындағы жылыту кәсіпорындары мен станса қоймаларында 3,7 млн тонна көмір және 90 мың тонна мазут жинақталған. Бірақ, бұл жеткілікті көлем емес. Осыған байланысты бүгін Үкімет жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тағы бір пысықтап алды. Олжас Бектенов жауапты министрлер мен бірқатар облыс әкімін тыңдап, жылу көздерін, инженерлік желілерді, әлеуметтік нысандарды дайындау және отын жеткізу бойынша ақпар алды. Жұмыс жүріп жатқанымен кей облыстарда әлі де болса кестеден кешігу бар екені анықталды.