Биылдан бастап, Президент Жарлығына сәйкес, облыс әкімдерінің есептік кездесулері әр аудан-қалада 1 мәрте ғана өткізіледі. Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жоспарға сәйкес, Текелі қаласы тұрғындарымен кездесті.
Облыс беталысын таныстырды. Қала дамуының оң жетістіктерін, олқы тұстарын таразылады. Қуантар тұсы — жыл басынан 1,77 млрд теңге инвестиция тартылыпты. Десе де, әкімдігі әлі де күш шығаруы тиіс проблемалар да жетіп артылады.