Дәрігерлер дабыл қағады! Қазақстанда күн сайын жатыр мойны обырына қатысты 5 дерек тіркеліп, 2 әйел қатерлі ісіктен айыға алмай көз жұмуда. Қауіпті кеселді тудырушы негізгі фактор – адам папиллома вирусы. Алдын алудың жалғыз сенімді жолы – вакцинация. Облысымызда аталған вирусқа қарсы екпе егу науқаны басталды. Енді 11 мен 13 жас аралығындағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинацияланады. Бұл екпе қыз баланың ата-анасы келісім берген соң ғана салынады.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.