Ертең ұстаздар бас қосатын дәстүрлі тамыз кеңесі басталады. Екі күнге жоспарланған конференция «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» тақырыбы аясында жаңа форматта өтпек. ВИДЕО: Министрлік биыл кеңесті ерекше ұйымдастыруда. 20 өңір 20 бағыт бойынша талқылау өткізеді. Алматы облысына «Білім беру технологиялары» бағыты бөлінген. Өңірдегі тамыз кеңесі Есік қаласында Т.Молдағалиев атындағы мәдениет сарайында болады. Тағы бір ерекшелік өңірге өзге облыстардан 155 педагог келеді. Ұстаздар қауымы өзара тәжірибе алмасып, пікірлерін ортаға салатын болады. Пленарлық отырысқа офлайн форматта 700 ұстаз, ал онлайн режимде 20 мың педагог қатысады.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.