Ел дамуын тежейтін елеулі фактордың бірі – жастардың жұмыссыздығы. Мемлекет тарапынан оларды жұмыспен қамтуға арналған бірнеше бағдарлама бар. Алайда жыл өткен сайын NEET санатындағы жастар көбеймесе, азаяр емес. Себебі неде? Жастар құлықсыз ба, әлде мемлекеттік бағдарламалар қауқарсыз ба?