Елдің 7 облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Атап айтқанда, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай және Павлодар аймақтарында жолдар жабылды. Бұған қоса, дәл осындай жағдай Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облысында орын алды. Бас-аяғы 14 республикалық маңызы бар жолда көлік қатынасы қиындады. Шектеу қойылған аумақтың жалпы ұзындығы 679 шақырым. Қазіргі таңда республикалық жолдарға 305 техника мен 357 адам жұмылдырылған.