Елімізде АЭС салуға экономикалық тұрғыдан 3 негізгі себеп бар. Белгілі экономист Сапарбай Досжанұлының айтуынша Қазақстан дамушы мемлекет. 2050 жылға дейін еліміз дамыған 30-35 елдің қатарына қосылуы керек. Ол қуатты электр көзін талап етеді. Әрі осы уақыт аралығында БҰҰ талабы бойынша біз көміртектік бейтарапқа жетуіміз қажет. Ол дегеніміз әлемдік экологиялық ахуалды сақтап қалуы үшін Қазақстан мұнай мен көмір, газдан электр қуатын алуды тоқтатуы шарт. Атом энергетикасынсыз бұл мүмкін емес, -дейді экономист.
«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда №0001898 лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.