Oceanman Kazakhstan-2024. Елімізде ашық суда жүзуден халықаралық жарыс өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 17 елінен 2600-ге жуық спортшы қатысты. Үшінші мәрте Қонаев қаласында ұйымдастырылыған сайыс жоғары деңгейде өтті. Шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.