Елімізде сібір жарасының 30-дан аса жағдайы расталды. Ал Алматы облысында аталған инфекциялық аурудың жұғу қауіпі жоғары. Бұл туралы санитарлық-эпидемияологиялық бақылау департаментінің мамандары дөңгелек үстел барысында мәлімдеді. Айтуларынша, қазір өңір аумағында сібір жарасының 100-ге жуық ошағы бар. Алдағы уақытта инфекция жағдайларының алдын-алу мақсатында бірқатар шара жүзеге асырылады.