Елордада Astana Media Week апталығы басталды. Дәстүрлі шараның биылғы тақырыбы «Медианың әсері және цифрлық үндестік». Еліміздің басты медиа алаңында Журналистер, баспасөз хатшылары, блогерлер мен сала қатысы бар мамандар бас қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша биыл бас аяғы 1 мыңға жуық адам қатысады деп отыр.