Еңбекшіқазақ ауданында фельдшерлік жедел жәрдем бригадасы жүкті әйелді үйінде босандырып алды. Осылайша көпбалалы ана жетінші сәбиін аман – есен дүниеге әкелді. Алайда фельдшер мамандардың айтуынша біраз қиыншылықтар болған екен. Тілшіміз Аяулым Жүрсінқызы Еңбекшіқазақ ауданына арнайы барып қайтты.