Осыдан 1 апта бұрын ғана: «Алакөлде ешқандай жазатайым оқиға тіркелмеді, тынығушылардың барлығы дін-аман»,- деген едік. Қуанышымыз көпке созылмады. Шипалы көлге бір адам батып кетіпті. Төтенше жағдайлар департементінің мәліметінше 90 жылғы ер адам ішімдік ішіп, суға түскен. Арты осындай қайғылы жағдайға әкеп соқты.