Еркін ауылында жаңадан салынған ветеринарлық-модульдік пункт қолданысқа берілді. Мал дәрігерлері бұған дейін әр ғимаратты жалға алып жұмыс істеген. Енді өздеріне тиесілі мекемеде қызмет атқарады. Бұдан бөлек мамандарға жол талғамайтын қызметтік көлік те табысталды. Саладағылар қуанышында шек жоқ. Разылықтарын еселі еңбегімен қайтаруға дайын.