Ескелді ауданында «Көктөбе» жазғы демалыс лагері ашылды. Бірінші аусымда 120 баланы қабылдап отыр. Жасөспірімдер мұнда арнайы бекітілген бағдарлама бойынша мәдени, спорттық шараларға қатысып, бос уақытын тиімді өткізбек. Жалпы бұл лагер 600ге жуық баланы қамтитын болады. Оның 477сі әлеуметтік осал топтағы отбасыларына жатады.