«Күш білімде, білім-кітапта». Жас буынды кітап оқуға баулу керек. Көксу ауданы, Балпық би кентіндегі Стретинский шіркеуінің діни басшылығы осындай ұстанымда. Ғибадатхана жанынан балалар мен ересектер үшін қоғамдық кітапхана ашып қойыпты. Ерекшелігі: оқырмандары назарына діни әдебиеттен бөлек, көркем және ғылыми шығармаларды да ұсынып отыр.