Елімізде әлеуметтік және мәдени тақырыптарға арналған «Игі істер марафоны» жарияланды. Шара экологиялық акциядан бастау алды. Шілденің 9-ы мен 14-і аралығында «Экология апталығы» өтеді. Бүгін Көксулықтар аталған шараға үн қосты. Аудан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып тазалыққа кірісті. Тіпті, «Үздік ауласы» үшін жергілікті әкімшілік тарапынан марапат алғандар да бар.