Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес белсенді жүргізіліп жатыр. Әсіресе, қылмыстың алдын алуға баса назар аударылуда. Премьер-министр Олжас Бектенов құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Басқосуда интернеттегі алаяқтықпен күрес және қаржылық пирамидалардың алдын алу шаралары қарастырылды.